Қаңтарда жалпы ішкі өнімнің өсім қарқыны төрт пайызды құрады

Фотография - Қаңтарда жалпы ішкі өнімнің өсім қарқыны төрт пайызды құрады

2013  жылдың қаңтар айында жалпы ішкі өнімнің өсім қарқыны төрт пайызды құрады.

127 0

2013  жылдың қаңтар айында жалпы ішкі өнімнің өсім қарқыны төрт пайызды құрады.

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында баяндама жасаған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, әлемдік экономиканың әлсіз өсімі экономиканың өсу қарқынының баяулауына ықпалын жалғастыруда. «Алдын ала деректер бойынша, 2013 жылғы қаңтарда жалпы ішкі өнімнің өсім қарқыны төрт пайызды құрады. Өсудің төмен қарқынының негізгі себебі - өңдеу өнеркәсібіндегі  өндірістің 0,8 пайызға қысқаруынан. Қара металлургия өніміне әлемдік сұраныс азайып, тиісінше темір рудасының өндірісі 13 пайызға кеміді. Құрылыс көлемі индексі 93,1 пайызға, ал ауыл шаруашылығы көлемі индексі 98,6 пайызға жоспарлы деңгейден әлдеқайда төмен қалыптасып отыр», - дейді Ерболат Досаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, аталған салалардың төмен көрсеткіші маусымдық факторға байланысты да болып табылады. 


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!