Сәуірде Тобыл-Көкшетау-Астана газ құбырының құрылысы басталады

Фотография - Сәуірде Тобыл-Көкшетау-Астана газ құбырының құрылысы басталады

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті

220 0

Тобыл-Көкшетау-Астана газ құбырын салу жұмыстары сәуір айынан басталады.

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«2013 жылғы салық саясатының басты міндеті  экономиканың басым секторларын ынталандыру мақсатында салық жеңілдіктерінің тиімділіктерін арттыру болып табылады. Бұдан бөлек, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы секілді капитал құрушы салаларға инвестицияларды арттыру экономиканың өсімін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл бағыт отандық құрылыс индустриясын, металлургияны дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға қосымша серпін береді деп күтіледі», - деді министр.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы Елбасының тапсырмасы бойынша еңбек нарығына және экономиканың өсіміне қосымша мултипликативті әсер ететін ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобалар қаржыландырылады.   Бұл ретте Балқаш ЖЭС-і, Атырау облысындағы газ-химия кешенінің 1-2-фазасы секілді жобалардың қолға алынғанын айта келе министр бұлардың экономикадағы маңызын атап өтті. «Елді мекендерді газбен қамтамасыз ету үшін Тобыл-Көкшетау-Астана газ құбырының құрылысы осы алдымыздағы сәуір айынан басталады», - деді Е. Досаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!