Экономиканың нақты өсімі жылына 6-7,6 пайыз көлемінде болжанып отыр

Фотография - Экономиканың нақты өсімі жылына 6-7,6 пайыз көлемінде болжанып отыр

2013-2017 жылдары экономиканың нақты өсімі жылына 6-7,6 пайыз көлемінде болжанып отыр.

179 0

2013-2017 жылдары экономиканың нақты өсімі жылына 6-7,6 пайыз көлемінде болжанып отыр.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасының орындалу мәселесіне арналған Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Орта мерзімді кезеңдегі болжам туралы айтатын болсақ, 2013-2017 жылдары экономиканың нақты өсімі жылына 6-7,6 пайызға болжануда. Бұл 2018 жылы жалпы ішкі өнімнің адам басына шаққанда 20 мың АҚШ долларынан астам деңгейге көтерілуін қамтамасыз етеді. Жылына орташа 6,5-6,85 пайыз қарқынмен өсетін ішкі сұраныстың ұлғаюы, қазақстандық өнімге сұраныстың сақталуы, сонымен қатар инвестициялардың артуы жалпы ішкі өнімнің негізгі өсу көзі болып табылады»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жалпы алғанда базалық сценарий бойынша экономиканың жоспарланған өсу қарқынына жету - Мемлекет басшысының орта мерзімді кезеңде 7 пайыздық жылдық орташа өсу қарқынын қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!