Екі жылда астық қабылдау кәсіпорындарында 130 мың тонна бидай «жоғалған»

Фотография - Екі жылда астық қабылдау кәсіпорындарында 130 мың тонна бидай «жоғалған»

Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында мәлім болды.

211 0

 Ауыл шаруашылығы министрлігі астық қабылдау кәсіпорындарындағы бидайдың сақталуына қатаң бақылау жасайды. Осыған қатысты арнайы заң жобасы Парламентке ұсынылмақшы. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында мәлім болды.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Қасеновтің айтуынша, соңғы екі жыл ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздегі 10 астық қабылдау кәсіпорындарында тексеру жүргізіп, жалпы көлемі 130 мың тоннадан астам астықтың жетіспеушілігін анықтаған. Тоқтала кететін жайт, «Мемлекеттік қадағалау және бақылау туралы» заңнама нормасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі жарты жылда бір реттен артық агроөнеркәсіп кешендеріне жоспарлы тексеріс жүргізе алмайды. «Осындай жартыжылдық тексерусіз қалған аралықтағы олқылықты пайдаланғандар астықты заңсыз айналымға шығарып сатып, кейін оның орнын басқа астықпен толтыруға ұмтылып жүр. Бұндай шара жүйелі түрде орын алып отырғаны бір бөлек, ол астық бітік шықпаған жылдардағы бидай бағасының күрт көтерілуіне де септігін тигізіп жатыр», - дейді С. Қасенов.

Осыған орай, министрлік заңнамадағы олқылықтарды жою үшін Парламентке арнайы заң жобасын ұсынуды көздейді. Онда астық қабылдау кәсіпорындарын айына бір рет тексеруге рұқсат беретін нормалар енгізу қарастырылады. Бұдан бөлек, электронды астық қолхаты институтын енгізу, мәселесі қаралуы көзделеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!