Жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы шекті бағасы белгіленді

Фотография - Жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы шекті бағасы белгіленді

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағалары белгіленді

207 0

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағалары белгіленді,

деп хабарлады ҚР Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 6 наурыздағы № 76-НҚ бұйрығына сәйкес, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағалар ҚҚС есебімен мына мөлшерде белгіленді: дизель отыны - 1 литр үшін 102 теңге; Аи - 80 - 1 литр үшін 89 теңге;Аи - 92 - 1 литр үшін 110 теңге», - делінген хабарламада.

Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы мұнай және газ және экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісілді. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!