2012 жылы Қазақстан мен Украина арасында тауар айналымы 3,8 млрд. долларды құрады

Фотография - 2012 жылы Қазақстан мен Украина арасында тауар айналымы 3,8 млрд. долларды құрады

2012 жылы Украинаның жалпы тауар айналымында Қазақстанның үлесі 2,5 пайыз болды.

234 0

2012 жылы Украинаның жалпы тауар айналымында Қазақстанның үлесі 2,5 пайыз болды.

«2012 жылы Украинаның Қазақстанмен тауар айналымы 3,8 млрд. долларды құрады. Оның  2 млрд. 452 млн.  58 мың долларын - экспорт, 1 млрд.  401 млн. 21 мың долларын импорт құрады. Ал Украинаның жалпы тауар айналымында Қазақстанның үлесі 2,5 пайыз болса, Ресейдің үлесі 29,5 пайыз көлемінде», - дейді Д.Гордейчук.

Оның айтуынша, экспорттың 751 млн. 61 мың долларын  вагондар, локомативтер мен  құрал-жабдықтар, 460 млн. 37 мың долларын қара металл бұйымдары, 186 млн. 91 мың долларын ядролық реакторлар мен оның құрал-жабдықтары,  123 млн. 29 мың долларын электрлі машиналар мен құрал-жабдықтар,  94 млн. 43 мың долларын қант құрады.

Ал импорттың  1 млрд. 146 млн. 39 мың долларын мұнай және мұнай өнімдері, 76 млн. 86 мың долларын қара металл, ферроқорытпа мен  болат, 62 млн. 54 мың долларын тұз, күкірт, тас пен  цемент, 19 млн. 92 мың долларын алюминий мен оның бұйымдары, 19 млн. 27 мың долларын қорғасын мен оның бұйымдары құрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!