Халықтық акционерлер алатын дивиденд көлемі мамырда белгілі болады

Фотография - Халықтық акционерлер алатын дивиденд көлемі мамырда белгілі болады

Халықтық акционерлер алатын алғашқы дивиденд көлемі мамырда белгілі болады. Компания таза кірісінің 40 пайыздан астамын құнды қағаз иелеріне үлестіруді жоспарлап отыр.

110 0

Халықтық акционерлер алатын алғашқы дивиденд көлемі мамырда белгілі болады. Компания таза кірісінің 40 пайыздан астамын құнды қағаз иелеріне үлестіруді жоспарлап отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада «ҚазТрансОйлдың» бас директоры Қайыргелді Қабылдин хабарлады. Желтоқсанның басында әрқайсысы 725 теңгеге бағаланған акциялар қазір 820-823 теңгеге дейін көтерілген. «Зейнетақы қорларын біріктіру туралы ақпар қор нарығындағы құнды қағаз бағасын аздап құлдыратты. Алайда ол қазір қалыпқа келді», - дейді Қайыргелді Қабылдин.

Бүгінде біздің таза табысымыз – 30,5 миллиард теңге. Өткен жылғыдан 30 пайызға көп. Енді, меніңше, жақсы дивиденд төлеуге мүмкіндігіміз бар.

Сондай-ақ, қазақ мұнайын Қытайға тасымалдау тарифтері көтерілмек. Қазір шығыстағы көрші елге жылына 12 миллион тонна мұнай жеткізіледі. Алдағы жылдары ол 14 миллион тоннаға дейін ұлғайтылмақ.

Жоспарлы қуат – жылына 20 миллион тонна. Сондай-ақ «Атырау – Самара» құбырымен теріскей арқылы Балтық жағалауы, Қара теңіз асырылатын мұнайдың көлемі жылына 15 миллион тонна межесінде сақталып қалуы тиіс.

«Баку – Батуми» бағыты бойынша жылына 3 миллион тонна мұнай кетеді. Енді оның көлемін 5 миллион тоннаға жеткізу міндет. Алайда Әзербайжан мен Грузия тасымал тарифтерін қымбаттатқан.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!