Қазақстанның сандық технологиялар нарығы 2012 жылы 1,5 млрд. долларды құрады

Фотография - Қазақстанның сандық технологиялар нарығы 2012 жылы 1,5 млрд. долларды құрады

2013 жылы Қазақстаның сандық технологиялар нарығында мобильді телефонды қоспағанда 15 пайыздық өсім болжанып отыр.

175 0

2013 жылы Қазақстаның сандық технологиялар нарығында мобильді телефонды қоспағанда 15 пайыздық өсім болжанып отыр.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Алсер» сандық технологиялар желісінің атқарушы директоры Григорий Тәжімұратов  айтты.

«2012 жылы сандық технологиялар нарығы елімізде шамамен 630 млн. долларды құрады. Ал теледидар мен мобильді телефонды қосқанда ол 1,5 млрд. доллар  болады», - дейді Г.Тәжімұратов.

Қазақстанның компьютерлік нарығының көшбасшысы болып табылатын бұл дүкендер желісі өз қызметін 1995 жылы бастаған болатын. Қазіргі таңда оның 21 қалада 45 дүкені бар.  Компанияның нарықтағы үлесі GFK агенттігінің мәліметіне қарағанда 20 пайызды құрайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!