Қазақстандықтардың Еуразиялық одақ жайында білетіні

Фотография - Қазақстандықтардың Еуразиялық одақ жайында білетіні

Қазақстан халқының басым көпшілігінің Еуразиялық одақ жайында білетіні аз.

147 0

Қазақстан халқының басым көпшілігінің Еуразиялық одақ жайында білетіні аз. Әсіресе, елдің оңтүстік аймағы тұрғындарының арасында аталған жобаны мүлдем естімеген жандар жетіп артылады екен. Бұл жайында ресейлік сарапшы Юлия Якушева ia-centr.ru сайтына жазған мақаласында мәлімдеді.

Қазақстандықтар арасында жүргізілген сұрақ-жауаптың нәтижесінде, сұралғандардың 50,5 пайызы еуразиялық интеграция жайында естігенін, алайда ешқандай мәлімет білмейтіндігін жеткізіпті. Ал, 30 пайызға жуығы ірі жоба жайында мүлдем бейхабар екен. Тек 19,9 пайызы ғана Еуразиялық одақтың маңыздылығын және тиімділігін айтқан.

«Жүргізілген талдау барысында анықталғандай, Қазақстанның Ресеймен шекаралас облыстары тұрғындарының басым бөлігі Еуразиялық одақ жайында құлағдар. Ал, сұрақ-жауапқа қатысқан Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда өңірлері халқының тек 5 пайызы ғана осынау жоба жайында жетік білетін болып шықты» дейді сарапшы.

Аталған талдау барысында белгілі болғаны, қазақстандықтардың көпшілігі Одаққа мүшелік – егемендікке зиянын келтірмейді деген пікірде. Бірақ, Ресейдің де еуразиялық интеграция аясында Қазақстанға пайдасы тиеді дегенге сенбейтіндер көп. Демек, елімізде жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстары тым әлсіз дейді сарапшылар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!