Жұмыссыздық деңгейі 27%-ға жеткен

Фотография - Жұмыссыздық деңгейі 27%-ға жеткен

Афинада «үштік» елдері Грекияның саяси дағдарыстан шығу жолдарын қарастыруда.

217 0

Афинада «үштік» елдері Грекияның саяси дағдарыстан шығу жолдарын қарастыруда.

Грекия Премьер-Министрі Антонис Самарас Еуропалық одақ, Еуропалық орталық банкі және Халықаралық валюта қорының өкілдерімен Афинада кездесу өткізді. Премьер елге 2,8 миллиард еуро кезекті несие беру туралы өтінішін білдірді. Әуелде әлемдік кредиторлар  Грекиядағы қаржы реформаларының дұрыс жүргізілуін байқау қажеттігін айтқан болатын. Үкімет жоспары бойынша, 2015 жылға дейін 150 мыңға жуық жұмыс орындары қысқартылуы тиіс. Дегенмен қатаң үнемдеу шараларына халықтың жаппай наразылығы күннен-күнге күшейіп келеді.

Елдегі қаржы ахуалыодан әрі қиындай түсті. Елде апта сайын түрлі сала қызметкерлері көшеге шығып, еңбекақының төмендеуіне, салықтың көтерілуіне қарсылық көрсетіп жатыр. Қазірдің өзінде елдегі жұмыссыздық деңгейі 27%-ға жеткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!