Каспий мұнай қоры 98,6 млн тоннаға өсті

Фотография - Каспий мұнай қоры 98,6 млн тоннаға өсті

237 0

Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Хазар (Жемчужина блогы) және Қаламқас-теңіз кен орындарында жүргізілген геологиялық барлау және бағалау жұмыстарының қорытындысы жасалды.

«ҚМГ» баспазөз қызметінен хабарлағандай, C1+C2 қазақстандық әдістеме бойынша дәлелденген шығарылатын қор өсімі 98,6 млн. тонна мұнайды құрады, оның ішінде Қаламқас-теңіз кен орны бойынша - 67,6 млн. тонна және Хазар кен орны бойынша - 31 млн.тонна.

Сонымен бірге, компанияда «Сәтбаев», «Махамбет», «Н-блок», «Жамбыл» және «Бөбек» теңіз блоктары бойынша геологиялық барлау жұмыстары жалғасуда деп мәлімдеді. Сонымен қатар «Исатай», «Абай», «Жеңіс», «Оқжетпес» жаңа барлау блоктары бойынша келіссөздер жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!