«ҚазАгро» 2013 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемін 78 млрд теңгеге дейін ұлғайтады

Фотография - «ҚазАгро» 2013 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемін 78 млрд теңгеге дейін ұлғайтады

 «ҚазАгро» 2013 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемін 78 млрд теңгеге дейін  ұлғайтады.

146 0

 «ҚазАгро» 2013 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемін 78 млрд теңгеге дейін  ұлғайтады деп хабарлайды жұмада «ҚазАгро» баспасөз қызметі.


«Жалпы алдағы егіс науқанына және содан кейінгі өнімді жинауға холдинг 78 млрд.теңгеден астам қаражат бағыттауды жоспарлап отыр»,-делінген хабарламада.


Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру 60 млрд.теңге сомасындағы тартылған бюджеттік  несие есебінен, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының 600 млн.теңге көлеміндегі меншікті қаражатының, Азық-түлік корпорациясының мемлекеттік ресурсқа астықты көктемгі-күзгі сатып алу үшін бөлген 13,75 млрд.теңге көлеміндегі бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бұдан басқа Аграрлық несие коропорациясының меншікті қаражаты есебінен Несие серіктестіктері арқылы несиелеуге        4 млрд. теңге қарастырылады.


Қазіргі уақытта «ҚазАгро» холдингіне шаруашылықтардан жалпы 48,66 млрд.теңге сомасына 388 өтінім келіп түсті, оның 303 өтінімі Аграрлық несие корпорациясына, 85 –  Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына тиесілі. Қазіргі таңда жалпы сомасы 10,65 млрд.теңгенің 199 өтінімі мақұлданды.

 

Сонымен қатар, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ өткен жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру шеңберінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен берілген ақша қаражатын қайтару жұмыстарын жүргізуде.  

Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тарапынан берілген қаржыландыру бойынша қарызы 3,09 млрд.теңгені құрайды. Шаруашылықтардың міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындамауына байланысты Азық-түлік корпорациясы ӘКК кепілдіктер бойынша жазбаша талап жіберді. Алайда,  Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тарапынан қаражатты қайтару осы уақытқа дейін жүзеге асырылған жоқ. Әсіресе қаржылай міндеттемелерін орындамау республиканың негізгі астық егетін аймақтарында және елдің батысында анықталған: 1,3 млрд. теңгеге Солтүстік-Қазақстан облысы;  622,2 млн. теңге Ақмола облысында; 685,4 млн. теңге Қостанай облысында; 103,4 млн. теңге Ақтөбе облысында; 339,6 млн.теңге Батыс-Қазақстан облысында.  


«ҚазАгро» ұлттық холдингінің ауылдық жерлердегі 2012 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге алынған бюджеттік несие қаражатын белгіленген мерзімде қайтарылғаны жайлы айта кету қажет. Осы ретте міндеттемелердің мерзімін ұзарту екінші деңгейлі банктерден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу ставкасынан жоғары ставка бойынша тартылған қаражат есебінен жүргізілді.  


«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру мақсатында   2006 жылы құрылды.


Холдингтің құрамына «азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ кіреді.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!