Еуроодақ Кипрге 10 млрд. еуро бөлуге келісті

Фотография - Еуроодақ Кипрге 10 млрд. еуро бөлуге келісті

Еуропалық одақ Кипрге 10 млрд. еуро көлемінде көмек бөлуге келісті

149 0

Еуропалық одақ Кипрге 10 млрд. еуро көлемінде көмек бөлуге келісті.

Бұл ақпаратты Еуротоптың басшысы (еуроаймақ мемлекеттері қаржы министрлерінің бірлестігі) Йерун Дейсселблум растады, деп жазады РБК.

Атап айтқанда, мұндай шешімге еуроаймақ мемлекеттері қаржы министрлері мен Халықаралық валюта қоры және Еуропа орталық банкі өкілдерінің 10 сағатқа созылған отырысынан кейін қол жеткізілді.

Бұдан бұрын Кипрге бөлінетін қаржылық көмек 17 млрд. еуроға жетеді деп хабарланған еді. Енді қалған 7 млрд. еуроны Кипр өз күшімен табатын болады. Жақын арада аталған аралды мемлекеттің қаржы министрі Михалис Саррис Мәскеуге барып, тиісті келіссөздер жүргізеді деп болжанып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!