Қазақстандық фермерлер 80 мыңнан астам шағын кредит алды

Фотография - Қазақстандық фермерлер 80 мыңнан астам шағын кредит алды

2005-2012 жылдары Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауыл тұрғындарына 23 млрд теңгеге 80 мыңнан астам шағын кредит берді

226 0

2005-2012 жылдары Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауыл тұрғындарына 23 млрд теңгеге 80 мыңнан астам шағын кредит берді, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникация қызметі брифингісінде қор басшысы Нұрмахан Сарыбаев.

«2005-2012 жылдары Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры филиалдық желілер мен шағын несиелендіру ұйымдары арқылы ауыл тұрғындарына 23 млрд теңгеге 80 мыңнан астам шағын кредит берді», - деп хабарлады Нұрмахан Сарыбаев.

Ол несиелендіру бағдарламасының көмегімен соңғы 8 жыл ішінде орташа және төменгі табысы 2,1 миллионнан366 мыңға дейін жететін ауылдық үй шаруашылықтары санын 6 есеге дейін азайтуға мүмкіндік жасалды, деп атап өтті.

«Сонымен қатар, шағын несие сомасы едәуір ұлғайды: 8 жыл бұрынғы ең жоғары шек 130 мың теңгеден бүгінгі күні 1 млн. теңгеге дейін жетті», - деп қосты қор басшысы.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстандағы ауыл халқының саны 7,6 млн. адам. Олардың 7% табыс деңгейі – күнкөріс шегінен төмен, әрі бұл цифр қала көрсеткішінен 4 есе көп. Орташа есеппен алғанда төрт адамнан тұратын 240 мыңнан астам ауылдық үй шаруашылықтары орта және төменгі табысқа ие.


Тегтер:

несие

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!