ҚМГ 2013 жылы отандық кәсіпкерлермен 80 млрд теңгеге келісім жасауды жоспарлауда

Фотография - ҚМГ 2013 жылы отандық кәсіпкерлермен 80 млрд теңгеге келісім жасауды жоспарлауда

  «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниялар тобы 2013 жылы отандық кәсіпкерлермен 80 млрд теңгеге ұзақмерзімді келісімге тұруды жоспарлап отыр.

138 0

  «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниялар тобы 2013 жылы отандық кәсіпкерлермен 80 млрд теңгеге ұзақмерзімді келісімге тұруды жоспарлап отыр, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мағзұм Мырзағалиев.

 

«2013 жылы отандық тауар өндірушілермен жоспарланып отырған ұзақмерзімді келісімдер 79,7 млрд.теңгені құрайды», -  деді Мырзағалиев «Самұрық-Қазына» АҚ қазақстандық үлесті дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында.

 

Оның айтуы бойынша, 2012 жылы қазақстандық тауар өндірушілермен 20,7 млрд теңгеге ұзақмерзімді келісімдер жасалған. Ал 2011жылы бұл көрсеткіш 3,3 млрд теңгені құраған.

2013 жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясы отандық кәсіпкерлермен 67,1 млрд теңгеге ұзақмерзімді келісімдер жасауды жоспарлап отыр. Ал «КазТрансГаз» -12,1 млрд теңге, «ҚМГ- өңдеу және маркетинг» компаниясы 0,6 млрд теңгеге келісімге тұрмақ

 


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!