«ФудМастерге» экологияны ластағаны үшін айыппұл салынды

Фотография - «ФудМастерге» экологияны ластағаны үшін айыппұл салынды

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында арықтың суына сүт араласып аққан.

379 0

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында арықтың суына сүт араласып аққан.

Көксәйек ауылының тұрғындары қолқаны қабатын қолаңса иісі бар ағын су үй іргесіндегі жеміс ағаштарының тамырын шірітіп, көкөністі солытып жатқандығын айтуда. Осыған байланысты табиғат қорғау мамандандырылған прокуратурасы арнайы тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Көкарық каналына сүт зауытының қалдық сулары аққаны анықталған. Аталған зауытқа айыппұл салынды.

Үй іргесіндегі жерім көкөніс пен жеміс-жидек ағашына толы болатын. Көктем шығысымен еккен қызанақ пен қияр шықпай, көктей солуда.Тіпті, ауладағы жеміс ағаштарының тамырлары шіри бастады. Ауыл тұрғыны мұның барлығы қалдық араласқан арық суының салдарынан екендігін айтуда.

Венера КИМ, Көксәйек ауылының тұрғыны:

- «ФудМастер» зауытынан бері қарайғы тұрғындардың жерлеріндегі жеміс-жидек ағаштарынығ тамыры шіріп жатыр. Сәкесінше, экологиялық жағынан ауа райы да бұзылуда.

Тұрғындардың айқайынан кейін ақ көпіршік болып ағып жатқан арық суы аяқ астынан тазарған. Қолаңса иіс те жоқ. «Сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын басшылығы қалдық суларды сақтайтын қоймада аздаған ақау болды. Оны реттедік. Сондықтан тұрғындардың бұлайша алаңдауына негіз жоқ», – дейді.

ӘбдіғалиСҰЛТАН, зауыт басшысы:

- Біздің компания табиғатқа ешқандай зиян келтіретін химиялық заттарды пайдаланбайды. Көктемгі жылынуға байланысты бетонда пайда болған жарық салдарынан сүт араласқан сулар арыққа төгіліп кеткен.

Облыстық табиғат қорғау мамандандырылған прократурасы осыған байланысты бірнеше бап бойынша әкімшілік іс қозғаған. Қазір экологиялық бірқатар заңдылықты сақтамағаны үшін зауыт басшылығы мен инженеріне айыппұл салынды.

Ердос НАЙМАНБАЕВ, ОҚО Табиғат қорғау мамандандырылған прокурорының көмекшісі:

- 242-бабпен 25 АЕК, яғни 43 225 теңге, 244-бабпен 55 АЕК, яғни 95 205 теңге және 261-бабпен 30 АЕК, яғни 51 930 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Табиғат қорғау прократурасы үй іргесіндегі жерлерге қалдық судың залал келтіруі мүмкін еместігін айтуда. Ал тұрғындар көкөністердің көктей солып, жеміс-жидек ағаштарының шіріп жатқандығының сырын ұқпауда.


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!