Дағдарыстан шығудың жаңа жолы ұсынылмақ

Фотография - Дағдарыстан шығудың жаңа жолы ұсынылмақ

Кипр билігі дағдарыстан шығудың жаңа жоспарын бүгін парламентке ресми түрде ұсынатын болады.

200 0

Кипр билігі дағдарыстан шығудың жаңа жоспарын бүгін парламентке ресми түрде ұсынатын болады.

Билік елдегі екінші ірі банк «Лайки» қарыздарын қайта құрылымдап, банктің күрделі активтерін ұстап, Үкіметке тапсыруды жоспарлауда. Ал қалған активтер қарыздарды өтеу үшін сатылатын болады. Мұндай шара елдегі ең ірі Кипр банкіне де қолданылуы мүмкін. Жаңа жоспарда депозиттерге салық салу туралы ұсыныс та бар. Бұл тек 100 мың еуродан жоғары депозиттерге ғана қатысты болмақ. Сонымен қатар салық бастапқыда белгіленген мөлшерден азаятын болды. Естеріңізге салайық, Кипр экономикасына дефолтқа түсу қаупі төнгендіктен, Еуроодақтан 10 млрд. еуро қаржылай көмек сұрап отыр. Еуроодақтың талабы бойынша, Кипр билігі жақында тұрғындардың жеке депозиттеріне салық салу туралы ұсыныс жасаған. Алайда парламент депутаттары бұл ұсынысты қолдамады.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!