Қазақстан экономикасы соңғы 15 жылда 16 есеге өсті

Фотография - Қазақстан экономикасы соңғы 15 жылда 16 есеге өсті

Бұл туралы бүгін Алматыда қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтау барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

160 0

Қазақстан жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі бойынша 12,5 мың доллармен Оңтүстік Азия «жолбарыстарымен» және Еуропаның шығыс және оңтүстік-шығыс елдерімен теңесті.

Бұл туралы бүгін Алматыда қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтау барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Елбасының айтуынша, Қазақстан бұл жетістікке бірлік пен  тыныштықтың  арқасында қол жеткізді. Елде орта білім мен денсаулық сақтау  тегін.  Ал өмір сүру ұзақтығы 64-тен 70 жасқа дейін ұлғайды, 700 денсаулық сақтау мекемесі мен 900 мектеп салынды.

«Қазақстанда бұған дейін болмаған жаңа ұлттық мемлекет құрылды. Біз жаңа экономиканы құрдық, тоталитарлықтан жаңа либералдық жүйеге көштік», - деді Н.Назарбаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!