Қазақстанда фармацевтика өндірісінің көлемі 3 есеге ұлғайды

Фотография - Қазақстанда фармацевтика өндірісінің көлемі 3 есеге ұлғайды

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы іске асырыла бастағалы бері фармацевтика өндірісінің көлемі 3 есеге дерлік өсті.

341 0

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы іске асырыла бастағалы бері фармацевтика өндірісінің көлемі 3 есеге дерлік өсті, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баршаға аян, фармацевтика саласы ҮИИД бағдарламасының аясындағы басымдықты бағыттардың бірі ретінде анықталған. Бағдарламаның нысанды индикаторына сәйкес 2014 жылы ішкі нарық отандық өндірушілердің есебінен дәрілік заттармен 50% қамтамасыз етілетін болады.

«Бұл индикатор 2011 жылы 49% болды. Ал былтыр дәрілік заттар өндірісінің көлемі 29,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен (10,2 млрд. теңге) 3 есеге көп», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бірыңғай дистрибьютердің сатып алу көрсеткішінің құрылымындағы отандық өндірушілердің үлесі 67% құрады. Атап айтқанда, былтыр 93 қазақстандық кәсіпорынның өз өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруымен байланысты шығындары өтелді. Өтемнің жалпы сомасы- 291,2 млн. теңге. Оның ішінде, «Нобел АФФ», «Химфарм», «DOSFARM», «Медоптик» сынды төрт кәсіпорынның 9,4 млн. теңге сома шығындары қайтарылды.

2010 -2012 жылдары салада 16 инвестициялық жобаның іске асырылғанын айта кету керек. Ал 2013-2015 жылдарға тағы 14 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!