Қазақстан мұнай мен газға бай елдердің рейтингінде 16 орында тұр

Фотография - Қазақстан мұнай мен газға бай елдердің рейтингінде 16 орында тұр

58 мемлекеттің арасында Қазақстан 16 орында тұр.

278 0

Мұнай мен газ қорын жан басына шаққанда бай елдердің тізімінде әлемнің 58 мемлекетінің арасында Қазақстан 16 орында тұр.

«РИА Рейтинг» сарапшылары мұнайгаз қорымен қамтамасыз етуді зерттеп, тізімді қалыптастырғанда осындай қорытындыға келген. 

Рейтингтік мәліметтерге қарағанда, Қазақстандағы көмірсутек шикізатының барлық қорлары жан басына шаққанда 235 911 мың долларды құраған. Ал Ресейде бұл көрсеткіш 164 580 мың долларды құрапты. Тізімде Катар елі көш бастап тұр, оның бір тұрғынына шаққанда құны 6 014 456 мың «мұнай долларлары» тиесілі болған. Ал 58 мемлекеттегі соңғы орында әр азаматына  240 доллардан тиетін Германия тұр.

Тоқтала кететін жайт, басқа есептеулерге қарағанда Қазақстан Ресейден кейінгі орынға жайғасады. Мәселен, Қазақстандағы болжанған мұнай мен газ қорларының құны 3,8 трлн. долларды құраса, Ресей Федерациясында бұл 23,5 трлн. долларды құрап отыр. Ал Қазақстанда жылына 92 млн.тонна шикізат өндірілсе, Ресейдегі шикізат жылына 1,1 млрд тоннаны құрайды. Ал алдыңғы көрсеткіште рейтингті құрушылар елдердегі адам санына шағып тізім жасағанын еске сала кетеміз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!