Бішкекте қырғыз-қазақстан бизнес-форумы өтеді

Фотография - Бішкекте қырғыз-қазақстан бизнес-форумы өтеді

Ертең, 27 наурызда Бішкекте қырғыз-қазақстан бизнес-форумы өтеді

346 0

Ертең, 27 наурызда Бішкекте қырғыз-қазақстан бизнес-форумы өтеді.

Бизнес-форум ұйымдастыруды Қырғызстан нарығын тартымды әрі тиімді деп қарастыратын сараптамаға негізделген қазақстандық кәсіпорындар ұсынған болатын.

Бішкектегі бизнес-форумға қатысу үшін қазақстандық делегеция құрамына машина құрастыру, құрылыс, фармацевтика, тамақ, жеңіл өнеркәсіппен айналысатын кәсіпорындардың 24 өкілі енді. Қырғыз тарапынан шараға 70-тен астам отандық компания мен Қазақстаннан келген әріптестерімен серіктестік орнатуға мүдделі бизнес-қауымдастық өкілдері қатыспақ.

Сонымен қатар бизнес-форумға Қырғызстан нарығына өнім әкелу, экспорттық келісімшарт жасасу бойынша кәсіпкерлерге кеңес беру үшін Қырғызстанның мемлекеттік орган қызметкерлері де шақыртылып отыр.

Екінші рет ұйымдастырылып отырған бизнес-форум барысында екі ел кәсіпкерлері қазіргі байланысын нығайтып, жаңа серіктестер табады, сондай-ақ өз компанияларының өнімдерін таныстыруға мүмкіндік алып, қырғыз-қазақ бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндіктерін қарастырады деп күтілуде.

Екіжақты келіссөздер барысында Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тамақ өнеркәсібі, құрылыс, химия өнеркәсібі, фармацевтика, энергетика мен басқа да салалар бойынша сауда-экономикалық айналымына қатысты мәселлерді шешуге мүмкіндік беретін экспорттық келісімдерге қол қойылады деп жоспарлануда.

Іс-шараны Қырғыз Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Kaznex Invest» ұлттық экспорт және инвестиция агенттігі» АҚ бірлесіп ұйымдастырып отыр, деп  хабарлайды Bnews.kz Қырғыз Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Бішкекте өткен бизнес-форум барысында 3 млн доллардан астам қаражатқа экспорттық келісімшарттар бекітілген болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!