БРИКС елдері даму банкін құрмақ

Фотография - БРИКС елдері даму банкін құрмақ

келісім-шарт туралы бүгін Дурбанда өтетін БРИКС елдері басшыларының саммитінде жария болмақ.

256 0

Қарқынды дамып келе жатқан БРИКС елдері (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка республикасы) жаңа даму банкін құру туралы шешім қабылдады. Оңтүстік Африка республикасы қаржы министрінің айтуынша, келісім-шарт туралы бүгін Дурбанда өтетін БРИКС елдері басшыларының саммитінде жария болмақ.

Бірақ Ресей қаржы министрі Антон Силуанов қаржы министрлері кешегі кездесуінде банктің қай жерде орналасатыны және оны қаржыландыруға қатысты ортақ мәмілеге келе алмағанын айтады. БРИКС елдері даму банкін Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорына балама ретінде құруды жоспарлап отыр.

Саммитке Қытайдың жаңа төрағасы Си Цзиньпин, Ресей президенті Владимир Путин, Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх, Бразилия мен Оңтүстік Африка республикасы президенттері Дилма Руссефф пен Джейкоб Зума қатысады. Олар бес ел арасындағы сауда айналымын кеңейту жайын талқыламақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!