Қазақстанның экспорттық әлеуеті 38%-ға өскен

Фотография - Қазақстанның экспорттық әлеуеті 38%-ға өскен

Біріңғай экономикалық кеңістікке бірігіп отырған Қазақстан, Ресей мен Белорусь елдері «бәскелестікті қорғау» жөніндегі заңдарын үйлестірмек.

159 0

Біріңғай экономикалық кеңістікке бірігіп отырған Қазақстан, Ресей мен Белорусь елдері «бәскелестікті қорғау» жөніндегі заңдарын үйлестірмек.

Алматыда аталған құжат жобасын талқылауға арналған басқосу  өтті. Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов, Алматы қаласының әкімі, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы мен Ресейдің аталған ведомство жетекшісінің орынбасары қатысты. Құжат авторлары тауар өндірушілерге қоятын талаптарды күшейту арқылы өнім сапасын көтеруді көздеп отыр. Қауіпсіздік пен сапаға қойылатын талаптар тауар өндірушілерге ортақ нарықта әділ бәсекелесуге жағдай тудыруы тиіс. Айта кетерлігі,  Біріңғай экономикалық кеңістікке кірген үш елдің арасындағы тауар айналымы өткен жылы 68 миллион АҚШ долларынан асқан. 2010 жылдан бері Қазақстанның экспорттық әлеуеті 38%-ға өскен. Сарапшылардың пікірінше, «Бәсекелестік туралы» біріңғай заң Қазақстанда жасалған тауарларға көрші елдер нарығына жол ашуы тиіс.

Нұрлан АЛДАБЕРГЕНОВ, Біріңғай экономикалық кеңістіктің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі:

- Бұл заңды біз бес қалада талқылап отырмыз. Алғаш рет Новосібірде талқыладық, сол жердегі кәсіпкерлермен қарадық. Енді Алматыда, келесі аптада Қазанда, одан кейін Минскіде, ал соңғы конференция Астанада өтеді. Алғаш талқылауда Ресейдің варианты болған, біз соны талқылай келе Қазақстан нормаларын қойдық.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!