Кедендік одақ ірімшік мен сүзбеге баж салығын арттырды

Фотография - Кедендік одақ ірімшік мен сүзбеге баж салығын арттырды

Кедендік одақ 1 сәуірден бастап кейбір сүт өнімдеріне баж салығын өсіріп отыр.

273 0

Кедендік одақ 1 сәуірден бастап кейбір сүт өнімдеріне баж салығын өсіріп отыр.

Еуразиялық комиссия кеңесінің 2013 жылдың 27 ақпанындағы шешіміне сәйкес, кедендік баж сарымайға, сүт пастасына, сүттен жасалған өзге де майларға, сондай-ақ ірімшік мен сүзбенің кейбір түрлеріне артқан. Ал, бұл шешім ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді.

Атап айтар болсақ, сарымайдың бажы - 18,3 пайызға (1 келісіне 0,29 еуродан кем болмауы керек), сүзбенің бажы 18,3 пайызға (1 келісіне 0,4 еуродан кем болмауы керек).

Ал, үгітілген, ұнтақталған ірімшіктердің барлық түрлеріне, сонымен қатар, Глар ірімшігіне  (Шабцигер) баж салығы 20 пайызға дейін өсіп отыр. "Фета" маркалы ірімшікке салық өсімі 25 пайыз. Аталған өзгеріс енгізілместен бұрын бұл көрсеткіш 15 пайызды құрайтын.

Айта кетейік, баж салығының жаңа көлемі 2013 жылдың 30 маусымына дейін ғана күшінде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!