Қарағанды облысы 2012 жылы 3 млн. тоннадан астам көмір экспорттады

Фотография - Қарағанды облысы 2012 жылы 3 млн. тоннадан астам көмір экспорттады

Қарағанды облысы 2012 жылы 200 млн. АҚШ долларына жуық сомаға 3 млн. тоннадан астам көмірді сыртқа тасымалдады

267 0

Қарағанды облысы 2012 жылы 200 млн. АҚШ долларына жуық сомаға 3 млн. тоннадан астам көмірді сыртқа тасымалдады.

Бұл туралы «Энергетикалық» кеден бекетінің бастығы Дмитрий Ким мәлім етті. 

Ведомствоның ақпаратынша, 2012 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір концентратын Украина мемлекетіне тасымалдаса, «Шұбаркөл Көмір» АҚ өзінің өнімдерін Еуроодақ мемлекеттеріне экспорттады. Сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңде көмірдің Қырғызстанға жеткізілімі жүзеге асырылады.

Сондай-ақ 2012 жылы «Энергетикалық» бекеті 5,5 млн. тоннаға жуық көлемде шикі мұнай экспортының ресімделуін іске асырды.  Қарағанды облысынан көмір Қытайға жол тартты.

Ал биылғы жылдың екі айы ішінде «Энергетикалық» бекеті 418 мың тонна көлемде көмір және көмір концентратын және 947 мың тонна шикі мұнайды сыртқа тасымалдауға бағытталған құжаттарды ресімдеді.  

«Қарағанды облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызмет аумағында сыртқыэкономикалық қызметті 17 жер қойнауын пайдаланушы-компания жүзеге асырып отыр. «Энергетикалық» кеден бекеті Еуразиялық экономикалық қауымдастығының сыртқыэкономикалық қызметі номенклатурасының 27-інші тобындағы тауарларды (көмір, мұнай, мұнай өнімдері), сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жөнелтілетін отын-энергетикалық кешен кәсіпорындарына және жер қойнауын пайдаланушыларға арналған тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асырады», - деп баяндады Д. Ким.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, 2012 жылы «Энергетикалық»  кеден бекеті кедендік төлемдер мен салықтар есебінен мемлекет қазынасын 37,5 млрд. теңгеге толықтырды.

«Өткен жылы бекет мамандары 10 әкімшілік заңбұзушылықты анықтады, олар бойынша тиісті шаралар қолға алынды. 430 мың теңгеге жуық сомаға айыппұлдар салынды», - деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!