Хоум кредит банкі 2012 жылы депозиттік және несиелік қоржынын екі есе ұлғайтты

Фотография - Хоум кредит банкі 2012 жылы депозиттік және несиелік қоржынын екі есе ұлғайтты

Бүгін Алматыда «Хоум кредит банкі» АҚ  Халықаралық қаржылық есеп стандарты  бойынша аудиттелген шоғырландырылған есеп-қисабының деректеріне сәйкес 2012 жылдағы қаржы және операциялық қызметінің нәтижелерін жариялады

495 0

Бүгін Алматыда «Хоум кредит банкі» АҚ  Халықаралық қаржылық есеп стандарты  бойынша аудиттелген шоғырландырылған есеп-қисабының деректеріне сәйкес 2012 жылдағы қаржы және операциялық қызметінің нәтижелерін жариялады.

Банктің Басқарма төрағасы Павел Мацоның айтуынша,  негізгі жетістіктері - несиелік қоржынын 66 859 млн. теңгеге,  депозиттік қоржынын 28 558 млн. теңгеге дейін екі есе көбейтуі. Мәселен  несиелік қоржынның өсуі «Қазпошта» АҚ бөлімшелері желісі арқылы несие берудің ұлғаюына  негізделді. 12 ай ішінде банкпен 38 млрд. 777 миллион теңгеден аса несие берілді. Бұл 2011 жылға қарағанда 152 пайызға көп. Ал банк серіктестері-сауда орындарында несие беру көлемі 74,6 пайызға өсіп, 2012 жылдың аяғында 32 132 млн теңгені құрады. Несиелік қоржындағы күдікті және сенімсіз несиелердің үлесі 5 пайыз болды, бұл орта нарықтық көрсеткіштен төмен.

Банк клиенттерінің салымдары 14 238 млн-нан  28 558 млн. теңгеге жетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!