Кипр банктерінде жатқан қазақстандық қаражат қайтарылуы тиіс

Фотография - Кипр банктерінде жатқан қазақстандық қаражат қайтарылуы тиіс

Шетелде жатқан қомақты қаржы елге қайтарылсын! Бүгін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осылай деп Үкіметке сауал жолдады

138 0

Шетелде жатқан қомақты қаржы елге қайтарылсын! Бүгін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осылай деп Үкіметке сауал жолдады.

.

Оның айтуынша, Кипр банктерінде қазақстандықтарға тиесілі 1 миллиард еуро жатыр. Ол заңсыз жолмен шығарылған қаржы болса да Қазақстанға қайтарылуы тиіс. Себебі, желге ұшқан қомақты қаражат салынбай қалған мектептер, аурухана мен жолдарға жұмсалғаны абзал.

Ал егер бұл ақша заңды жолмен шетке кеткен болса, онда қаржыдан қағылған кәсіпкерлердің мүддесін қорғау керек. Сондай-ақ, мәжілісмен Сыртқы істер министрлігі мен Үкімет бұл ақпараттан хабардар бола тұра, неге үнсіз отырғандығын түсінбеймін дейді ол.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Шынында да осындай ақша Кипрде жатыр. Егер олай болса, сол ақшамызды қорғау керек. Бері қарай қайтаруымыз керек. Бұл ақша өз елімізге керек.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!