Оффшорлық есеп-шот иелерінің тізімі жарияланды

Фотография - Оффшорлық есеп-шот иелерінің тізімі жарияланды

Оффшорлық есеп-шоттарда 21 триллион АҚШ долларынан астам қаржы жасырылған

502 0

Халықаралық журналистік зерттеулер консорциумы (ICIJ) қаржыларын оффшорлық есеп-шоттарда сақтады деген 170 елден 130 мың адамның аты-жөнін жариялады. Вашингтонда орналасқан бұл ұйым әлемнің 60 еліндегі журналистермен және жетекші ақпарат құралдарымен байланыс орнатқан.

Шетелде есеп-шоттары бар шенеуніктер мен олардың жақындарының арасында Ресей вице-премьері Игорь Шувалов, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның әйелі, қызы да бар. Консорциум өкілдерінің айтуынша, екі жарым миллионға жуық түрлі құжаттар байлардың қаржысын қандай жолдармен жасырын ұстап, салықтан жалтаратындарын көрсетеді.

MCKinsey & консалтингтік компаниясының бұрынғы жетекші экономисінің болжамына қарағанда, оффшорлық есеп-шоттарда 21 триллион АҚШ долларынан астам қаржы жасырылған.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!