"Еуразиялық банк" облигацияларының бір бөлігі KASE ресми тізімінен шығарылды

Фотография - "Еуразиялық банк" облигацияларының бір бөлігі KASE ресми тізімінен шығарылды

"Еуразиялық банк" АҚ KZ2CKY07B915 (KZ2C00001162, EUBNb3) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі.

197 0

"Еуразиялық банк" АҚ KZ2CKY07B915 (KZ2C00001162, EUBNb3) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі.

«Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 05 сәуірінен бастап "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) облигации KZ2CKY07B915 (KZ2C00001162, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, EUBNb3; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 05.04.06 – 05.04.13, жарты жылдық купон жылдық 6,90 %; 30/360) облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды», - делінген ақпаратта.

Аталмыш облигациялар 2006 жылдың 05 сәуірінен бастап KASE ресми тізімінің "А" санатына бойынша ресми тізімге енгізілді, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингтік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2006 жылдың 08 сәуірінде ашылған.

Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 3,19 және 32,00 % аралығында құбылды.

2012 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 77-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,25 %) және корпоративтік облигациялардың осыған ұқсас рейтингінде 59- шы жайғасымға иеленді (0,43 %).

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!