ІРО аясында «Қазпоштаның» жұмысын күшейте түсу қажет

Фотография - ІРО аясында «Қазпоштаның» жұмысын күшейте түсу қажет

ІРО аясында «Қазпоштаның» жұмысын күшейте түсу қажет. Бүгін Астанада «Халықтық ІРО»: нәтижелері мен келешегі» бағдарламасының бірінші кезеңі» атты дөңгелек үстелде «Қазтрансойл» компаниясы Бас директорының орынбасары Болат Зәкіров осылай мәлім етті

177 0

ІРО аясында «Қазпоштаның» жұмысын күшейте түсу қажет. Бүгін Астанада «Халықтық ІРО»: нәтижелері мен келешегі» бағдарламасының бірінші кезеңі» атты дөңгелек үстелде «Қазтрансойл» компаниясы Бас директорының орынбасары Болат Зәкіров осылай мәлім етті.

«ІРО-ға әзірлік үдерісінде біз бірқатар проблемаларға тап болдық. Оның ішінде кейбір мәселелер Қордың, Үкімет пен Ұлттық банктің қолдауы арқасында өз шешімін тапты. Бұдан бөлек, заңнамалық өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы да айтылды. Ал алдағы «KEGOC» АҚ-н шығаруға қатысты қайталануы мүмкін кемшіліктерге келсек, бұл бағытта бірқатар жұмыстарды жүйелеу қажеттігі туындап отыр. ІРО-ның басты үш қадамы бар: брокерде шот ашу, оған ақша аудару және өтінім беру. Біз акцияға жазылуға бір ай уақыт бердік. Алайда, соңғы күндері келген азаматтар шот ашып, қаражаттарын аударғанымен, өтінім беруді ұмытып кеткен. Нәтижесінде, олар акционер бола алмай қалды. Сондықтан да, ұйымдастырушылар да, брокерлер де осыған назар аударса екен», - дейді Болат Зәкіров.

Бұдан бөлек, сұраныстың артуы «Қазпошта» жұмысына да, өңірлердегі брокерлер мен трансфер-агенттерге үлкен ауыртпалық түсірген. «Брокерлердің басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан. Біз  кездесіп, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығымен олардан өңірлерге қарай бет бұруды сұрадық. Алайда, өкінішке қарай брокерлердің басым бөлігі өз қызметтерін аймақтарда жандандыруға құлықты емес. Сондықтан да, трансфер-агент ретінде «Қазпоштаның» рөлін нығайту керек. Оны техникалық дайындыққа әзірлеп, технологиялық тұрғыдан да дамыту қажет етіледі», - деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!