Батыс Қазақстанда біраз өнімнің бағасы арзандады

Фотография - Батыс Қазақстанда біраз өнімнің бағасы арзандады

Батыс Қазақстан облысында биылғы наурызда инфляция деңгейі өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,1 пайызды құрады.

117 0

Батыс Қазақстан облысында биылғы наурызда инфляция деңгейі өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,1 пайызды құрады.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы бірінші тоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы сәл-пәл ғана өсіп, 100,4 пайызды құрады. Атап айтқанда, көкөніс 3,5, соның ішінде қызылша 18,3, картоп 9,2 пайызға қымбаттаса, есесіне қияр 8,1, қызанақ 5,6 пайызға төмендеді.

Макарон өнімдері 4,4, ұн 2,4, темекі 2,2, сүт 1,3 пайызға көтерілсе, қант 3,7, жарма 1,9 пайызға арзандап отыр.

Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда, Батыс Қазақстанда бірінші сұрыпты бидай ұны, қара бидай наны, жоғары және бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан, вермишель, рожки, кеспе, қой мен жылқы, тауық еті, қызылша, тұз, ашытқы, кептірілген өрік, банан, апельсинге ең төмен бағалар қалыптасып отыр.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!