Қазақстанның банк нарығындағы 2013 жылғы құны ең жоғары бренд анықталды

Фотография - Қазақстанның банк нарығындағы 2013 жылғы құны ең жоғары бренд анықталды

Банк мәліметтеріне сәйкес, Halyk Bank брендінің құны биылғы жылы 266 млн. АҚШ долларына бағаланды.

263 0

Халықаралық «Brand Finance» консалтингтік компаниясының әлемдік 500 банктік брендтің арасында жүргізген дәстүрлі зерттеулерінің нәтижесі бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бренд Halyk Bank) осы бес жүз брендтің ішінде 334-орынды иеленіп, қазақстандық банктер арасында құны жағынан ең қымбат брендті иеленді, деп хабарлайды Халық банкінің баспасөз қызметі.

Банк мәліметтеріне сәйкес, Halyk Bank брендінің құны биылғы жылы 266 млн. АҚШ долларына бағаланды.

Brand Finance компаниясы сарапшыларының The Banker журналымен бірлесіп жүргізген бағалауына сәйкес дүние жүзіндегі 500 банктік компания брендінің құндылық деңгейіне талдау жасалды.

Жалпы рейтингтегі көш бастаушылардың бестігіне америкалық Wells Fargo ($26,0 млрд) және Chase ($23,4 млрд) банктері, британдық HSBC банк ($22,8 млрд) және АҚШ-тың Bank of America ($22,3 млрд), Citi ($21,6 млрд) банктері кірген.

2013 жылғы рейтингке қазақстандық екі банк қатыстырылды, айта кету керек, ТМД елдері бойынша аталған рейтингке тек ресейлік және қазақстандық банктер ғана қатысты. ТМД елдерінің банктері ішінде Қазақстан Халық банкі бесінші орынды иеленді.

Brand Finance сарапшылары банктік брендтерді марка атауына, бұл бренд үшінші бір тұлғаға тиесілі болған жағдайда, оны пайдаланғаны үшін иесі жасауға тиіс болатын төлемдердің негізінде бағалады. Сонымен қатар консалтингтік компания талдаушылары баға беруді қаржылық есептемеге, Bloomberg мәліметтеріне және өз зерттеулеріне сүйене отырып жүргізді.

Все права защищены.

 

bnews.kz сайтынан

 


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!