Кипр банктерінеде жатқан қазақстандықтардың ақшасы 1 млрд 162 млн долларға тең

Фотография - Кипр банктерінеде жатқан қазақстандықтардың ақшасы 1 млрд 162 млн долларға тең

 ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко Кипр банктеріндегі қазақстандықтардың есеп шоттары жайында әңгімелеп берді

144 0

 ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко Кипр банктеріндегі қазақстандықтардың есеп шоттары жайында әңгімелеп берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Кипр банктеріне құйылған жалпы инвестициясы 1 млрд 162 млн АҚШ долларын құраған.

«Тікелей инвестиция 513 млн доллар, портфельдік инфестиция 22 млн доллар, өзге инвестициялар 627 млн АҚШ долларына тең. Біздің валюталық заңнамаға сәйкес рұқсат беру тәртібі 2006 жылы алынып тасталған. 2009 жылдан бері ресми түрде хабарлау тәртібі жоқ. Яғни, шетелде есеп шот ашқан жеке тұлға сәйкес органдарды ескертуге міндетті емес. Бірақ банктер, егер заңды түрде жүзеге асса, яғни жеке тұлға өзінің қазақстандық банктегі есеп шотынан қандайда бір шетелдік банкке ақша аударатын болса, сәйкестендіру ақпараттарын жолдап отырады. Алайда олардың ұсынған ақпаратына сәйкес, соңғы бес жылда бірде-бір қазақстандық Кипрге ақша аударған емес. Тек бір ғана заңды тұлға осы жылдары, 2007 жылдан бастап шот ашқан, осы шот бойынша қалған қалдық та, ақша айналымы да нөлге тең», - деп әңгімеледі Г.Марченко. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!