Бүгін KASE-те Ұлттық банктің ЖЗҚ-дан міндеттемелері бойынша сауда-саттық өткізіледі

Фотография - Бүгін KASE-те Ұлттық банктің ЖЗҚ-дан міндеттемелері бойынша сауда-саттық өткізіледі

деп хабарлады Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі.

190 0

Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) өзінің сауда-саттық жүйесіне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді (МЕКАМ) жинақтаушы зейнетақы қорларынан сатып алуы бойынша арнайы-мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі.

Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) өзінің сауда-саттық жүйесіне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі шығарған мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді (МЕКАМ) жинақтаушы зейнетақы

қорларынан сатып алуы бойынша арнайы-мамандандырылған сауда-саттық

өткізіледі.

Сатып алушы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Алматы, бұдан әрі – Сатып алушы) шығады. Сауда-саттықта Сатып алушы жалпы сомасы 5 млрд теңге көлемінде бағалы қағаздарды сатып алуды көздеп отыр.

Арнайы-мамандандырылған сауда-саттықтар KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақытымен (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін, MEKAM_ST_PF4 секторында өткізіледі. Баға кесуді Сатып алушы 2013 жылдың 12 сәуірінде 12:00-ге дейін анықтайды.

Сауда-саттыққа, KASE сауда-саттық жүйесіне ашық әдіспен берілген, шектелімді өтінімдер қабылданады.

Өтінімдегі баға ретінде көрсетілуі тиіс:

–"таза" бағасы (жинақталған сыйақысыз) – МЕОКАМ және МЕУКАМ

үшін;

–дисконтталған бағасы – МЕККАМ үшін.

Өтінімде көрсетілетін баға, бағалы қағаздың атаулы құнынан пайызбен, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәлдікпен көрсетілуі тиіс. Қаржы құралының саны облигациялардың данамен көрсетілген санына тең болуы тиіс.

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!