Биылғы жылғы ақпанда экспорт бағалары 3,5 пайызға жоғарылап, импорт 1 пайызға арзандады

Фотография - Биылғы жылғы ақпанда экспорт бағалары 3,5 пайызға жоғарылап, импорт 1 пайызға арзандады

Ағымдағы жылдың ақпанында қаңтар айымен салыстырғанда экспортталатын тауарлардың бағасы 3,5%-ға жоғарылады, ал импорт керісінше 1%-ға арзандады.

406 0

Ағымдағы жылдың ақпанында қаңтар айымен салыстырғанда экспортталатын тауарлардың бағасы 3,5%-ға жоғарылады, ал импорт керісінше 1%-ға арзандады.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен мәлім етті.

Экспорттық жеткізілімдер арасында баға газ конденсатына - 27,6%, мұнайға - 8,6%, мұнай өнімдеріне - 6%, темір кендеріне - 5,2%, мырышқа - 3%, мысқа - 1,2%-ға жоғары болды, ал сұйытылған пропан мен бутанға - 4,5%, қорғасынға - 2,8%, табиғи газға - 2,7%, алюминийге - 1,4%-ға төмендеуі белгіленді. Баға күрішке - 4,8%, мақтаға - 4,4%-ға жоғары, темекіге - 1%-ға төмен болды.

Импорттық өнімдер арасында шұжық өнімдері - 6,1%, шай - 5,2%, балық - 4,5%, қант - 2,6%, сүрек - 2,4%, қағаз - 2,2%, аяқкиім - 1,6%, көкөністер - 1,1%-ға арзандады. Ал күріш - 6,1%, макарон өнімдері - 3%, ет өнімдері - 2,4%-ға, өсімдік майы мен кофе - 1,3%-ға қымбаттай түсті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!