Қырғызстан Кедендік Одаққа өту туралы нақты шешім қабылдады

Фотография - Қырғызстан Кедендік Одаққа өту туралы нақты шешім қабылдады

Сондай-ақ, Атамбаев қырғыз халқының көршілес мемлекеттер - Ресей, Қазақстан және Беларусьпен бір экономикалық кеңістікте болуын қалайтынын да айтты

246 0

Қырғызстан Кедендік Одаққа өту туралы нақты шешім қабылдады. Бұл туралы Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ИТАР-ТАСС агенттігіне берген сұхбатында мәлім етті.

«Қырғызстан Кедендік Одаққа мүшелікке өтуге қатысты нақты шешім қабылдады. Бұл әрине бізге ғана байланысты емес, ендігі ретте КО мүше елдердің қолдау білдіруіне байланысты»,- деді ол. «Кедендік Одақ құрылғанда одаққа мүше үш ел (Ресей, Беларусь, Қазақстан) бір-біріне қандай қолдау көрсетсе, бізге де сондай ықылас танытуын қалаймыз»,-деп толықтырды қырғыз президенті.

Сондай-ақ, Атамбаев қырғыз халқының көршілес мемлекеттер - Ресей, Қазақстан және Беларусьпен бір экономикалық кеңістікте болуын қалайтынын да айтты. Қырғызстанның Кедендік Одаққа өту жұмыстарымен айналысатын арнайы тобы күзге дейін «жол картасын» даярлайтынын мәлімдеп, келесі жылдың басында немесе осы жылдың соңына дейін Кедендік Одаққа өтеміз деп сендірді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!