Еліміздің экономикасына швейцарлық кәсіпкерлер қаржы құюға ниетті

Фотография - Еліміздің экономикасына швейцарлық кәсіпкерлер қаржы құюға ниетті

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Швейцарияның Қаржы, білім беру және зертттеу министрі Йоханн Шнайдер-Амманн бастаған швейцарлық кәсіпкерлік делегациясымен кездесу өтті

162 0

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Швейцарияның Қаржы, білім беру және зертттеу министрі Йоханн Шнайдер-Амманн бастаған швейцарлық кәсіпкерлік делегациясымен кездесу өтті. Бұл туралы аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қос мемлекеттің сауда-экономикалық әріптестігі мәселелерін талқылауға арналған жиынға машина құрылысы, электр техника, көлік, логистика, туризм және т.б. салаларындағы ірі швейцарлық кәсіпорындардың 40 өкілі ат салысты.

Делегацияның құрамында Novartis International AG, ABBS chweiz AG, Centravo, Swiss Rail, Leica Geosystems AG іспетті кәсіпорындардың басшылары да бар.

Швейцарлық тарап туризм, химия, фармацевтика, машина құрылысы, тау-кен өндірісі, аграрлық салалардағы және теміржол көлігі, логистика бағытында Қазақстанмен әріптестік орнатуға қызығушылық білдіріп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!