Португалия мен Ирландияға берілген несие уақыты 7 жылға ұзартылды

Фотография - Португалия мен Ирландияға берілген несие уақыты 7 жылға ұзартылды

Еуротоптың қаржы министрлері Португалия мен Ирландияға қаржы дағдарысын еңсеруге алған несиені өтеу уақытын тағы 7 жылға созды

203 0

Еуротоптың қаржы министрлері Португалия мен Ирландияға қаржы дағдарысын еңсеруге алған несиені өтеу уақытын тағы 7 жылға созды.

Бұл туралы Дублинде өткен 17 елдің қаржы министрлерінің отырысында Еуротоп төрағасы Йерун Дейсселблум хабарлады. Сонымен қатар И.Дейсселблум мамыр айында өтетін Еуротоптың келесі отырысында қаржы министрлері Словениядағы экономикалық ахуалды талқыға салатындығын мәлімдеді. Ирландия несиені 2010 жылдың соңынан бастап, ал Португалия 2011 жылдың көктемінен бастап алып келеді. Сондай-ақ министрлер Кипрдегі қаржы дағдарысын да назардан тыс қалдырмады. Естеріңізге салайық, Ресей Кипрге 2011 жылы дағдарыстан шығу үшін 2,5 млрд еуроны 4,5 жыл мерзімге берген болатын. Еуротоп Ресей де Кипрдің несие өтеу мерзімін ұзартады деп сенеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!