Дубай қайырымдылық садақаның әлемдік орталығына айналады

Фотография - Дубай қайырымдылық садақаның әлемдік орталығына айналады

AMAF-тың бас хатшысы Тайып Әбдірахман әр-Райыс осындай мәлімдеме жасады

270 0

AMAF-тың бас хатшысы Тайып Әбдірахман әр-Райыс осындай мәлімдеме жасады. Осы мақсатта Дубайда түрлі қаржы қызметтері ұйымдастырылады. Соның ішінде, әмірліктің түрлі саладағы халал кәсіпорындарына инвестиция тартылады.

Әлем мұсылмандарының қайырымдылық істерге (ауруханалар мен мектептерге, мешіттерге, т.б.) жыл сайын он миллиардтаған доллар мөлшерінде қаржы аударатыны белгілі болды. Ernst & Young мәліметіне қарағанда 2010 жылы әлем бойынша қайырымдылық садақадан түскен қаржы шамамен 105 млрд долларды құраған.

Алайда, бұл қаражатты жарата білу жағы кемшін соғып жатыр. Ол көбінесе жылжымайтын мүлік пен өзге де активтерге жұмсалып, тиімділігін жоғалтатын көрінеді.

Сол себепті, бұл қаражатқа осы мақсатта құрылған NoorAwqaf фирмасы бас-көз болып, оны керекті жерінде жұмсап, тиімділігін арттырмақ. Қаражаттың 60 пайызына Дубайдың мемлекеттік инвестициялық қорының еншілес компаниясы болып табылатын Noor Investment Group иелік ететін болады. Ал қалған 40 пайызына Әмірліктің үкіметі жанындағы кәмелет жасына толмағандар мен аукаф істері жөніндегі дубайлық басқармасы қожалық етеді. Бұл жайында IMAM хабар таратты.


Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!