БҚО-да малдәрігерлік шараларды жүргізуге 643 млн. теңге қарастырылып отыр

Фотография - БҚО-да малдәрігерлік шараларды жүргізуге 643 млн. теңге қарастырылып отыр

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің бастығы Қазбек Ташимовтың сөзіне қарағанда, өткен жылы бұл мақсатқа 405 млн. теңге бөлінген болатын. Қаржы­ландыру көлемінің 1,5 есеге ұлғаюы ауыл­дық жерлерде мал дәрігері мамандарын жұмысқа тартуға мүмкіндік береді. Бүгінде ауылдық округтердегі ветеринарлық стансаларға 26 маман қажет.

200 0

Батыс Қазақстан облысында биыл малдәрігерлік шараларды жүргізуге 643 млн. теңге қарастырылып отыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің бастығы Қазбек Ташимовтың сөзіне қарағанда, өткен жылы бұл мақсатқа 405 млн. теңге бөлінген болатын. Қаржы­ландыру көлемінің 1,5 есеге ұлғаюы ауыл­дық жерлерде мал дәрігері мамандарын жұмысқа тартуға мүмкіндік береді. Бүгінде ауылдық округтердегі ветеринарлық стансаларға 26 маман қажет.

2010 жылы облыстың барлық ауданында аудандық әкімдіктердің малдәрігерлік бөлімдері ашылған болатын. Сол жылдың соңын­да әкімшілік реформа бойынша ветбөлім­дер аудандардағы ауыл шаруашылығы бөлімдерімен (Бөрлі, Зеленов аудандары мен Оралда дербес ветбөлім қалды) біріктірілген. Өткен жылы «Ветеринария туралы» заңдағы өзгерістерге орай облыс аудандарында және Орал қаласын­да ветеринарлық стансалар құрыл­ды. 2012 жылы 13 ветстансаға бұрыннан лицензия бойынша жұмыс істеп келе жатқан және оқу орнын жаңадан бітірген 423 маман жұмысқа қабылданды. 2011-2012 жылдары 33 түлек ауылдық жерлерге, инспекцияларда, зертханаларда, округтік әкімдік аппараттарына жұмысқа тұрды. 33 түлектің ветстансаларға, зерт­ханаларға жұмысқа кірген 16-сы «Дипломмен ауылға» бағдарламасының шапағатын көрді.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінің деканы Қайсар Көшәлиевтің айтуынша, өткен жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасына ауылға қа­­жет­ті ветеринар-дәрігер, ветеринария­лық-санитар мамандықтары енді. Бағ­дар­лама бойынша қолдау шаралары қа­­растырылған: 70 АЕК көлемінде бір реттік көтермеақы (121 мың 170 теңге шамасында), тұрғын үй алуға 1500 АЕК көлемінде 15 жылға 0,01 пайызбен несие беріліп, мал маманының еңбекақысы 25 пайызға жоғарылатылады. Биыл­ғы университет түлектерінің 70 пайызы ауылға қайтады. Аудан әкімдіктерінің жолдамасымен оқыған 11 түлек өз аудандарына жұмысқа барады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!