Қытайда экономикалық өсім баяулады

Фотография - Қытайда экономикалық өсім баяулады

Сарапшылардың болжамынша, биыл экономикалық өсім кемінде сегіз пайызды құрауы мүмкін. 

120 0

Қытайдың экономикалық өсімі биылғы жылдың алғашқы үш айында баяулады. France Press агенттігінің хабарлауынша, алғашқы тоқсандағы өсім 7,7 пайызды құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға төмен.

Сарапшылардың болжамынша, биыл экономикалық өсім кемінде сегіз пайызды құрауы мүмкін. 

Қытайдың экономикалық өсімі 2008 жылғы қаржы дағдарысынан бері алғаш рет өткен жылдың соңында бірден көтерілген еді. Бірақ сарапшылар өсімнің әлі де баяу екенін және ол мемлекеттің қолдауымен  жүзеге асып жатқанын айтады.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!