ХВҚ Египетке 4,8 млрд қарыз беруге келіспеді

Фотография - ХВҚ Египетке 4,8 млрд қарыз беруге келіспеді

Арада 12 күнге созылған келіссөздер нәтижесіз аяқталды.

142 0

Египеттің Халықаралық валюта қорынан (ХВҚ) 4,8 млрд  несие бөлу туралы келіссөздері барысында екі тарап ортақ мәмілеге келе алмай тарқасты, деп хабарлайды rbc.ru сайты.

«Египет үкіметінің экономикалық бағдарламаларын ХВҚ тарапынан қолдауы жөніндегі келіссөздерде бірқатар ілгерілеушілік қол жеткіздік. Қазір бұл елдің экономикасын дамыту мақсатында Египет үкіметімен ортақ мәмілеге келу талқылануда»,-деп атап өткен ХВҚ. Халықаралық валюта қоры ортақ келісімге келу үшін келіссөздер жалғасын табатынын жеткізді.

Арада 12 күнге созылған келіссөздер нәтижесіз аяқталды.

2011 жылы көктемде Хосни Мүбәракты биліктен кетіргеннен бері саяси тұрақсыздық салдарынан Египет қаражатқа өте мұқтаж.

Мысыр қарыз алу үшін ХВҚ-мен төрт айға жуық келіссөздер өткізуде. Бұған дейін өткен жылы қараша айында несие алуға алдын ала келісім жасалғанымен ХВҚ жаңа мемлекет басшысы Мұхаммед Мурсидің құзыретінің күшейіп кетуіне қадам жасалғанына байланысты келісімінен бас тартқан болатын.

Бұған дейінгі ХВҚ-нан Египеттің 3,2 млрд доллар қаржылық көмек сұрағаны да қанағаттандырылмады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!