Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1,4 есеге артты

Фотография - Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1,4 есеге артты

Бұл туралы «МАЙНЕКС Орталық Азия» форумында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов айтты.

244 0

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1,4 есеге артты. Бұл туралы «МАЙНЕКС Орталық Азия» форумында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов айтты.

Мемлекет басшысы үдемелі индустриялдық бағдарламада ел экономикасын өзгертіп, әлемдік шикізат бағасына тәуелділіктен арылту міндетін қойды. Сондықтан Қазақстан шикізатты ғана экспорттамай, қайта өңдеу арқылы алынған өнімдерді де сыртқа шығару керек, деп атап өтті Қ.Келімбетов өз баяндамасында.

«2012 жылы өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім байқалды. Машина жасау саласының көрсеткіші 16,2%, металлдық емес минералдық өнімдер 10,6% артты», - деді ол.

Қ.Келімбетовтің сөзіне қарағанда, 2012 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында еңбек өнімділігі 1,4 есеге жоғарылаған және Индустрияландыру картасы аясында 160 жоба жүзеге асты.

«Бұған қоса әлемде дәстүрлі емес көздерден газ өндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілді. Қазақстан да биылғы жылдан бастап бұл бағыттағы іс-шараларды жандандырады»,- деді Қайрат Келімбетов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!