АҚШ азаматтарының 46 миллионнан астамы кедейшілікте өмір сүруде

Фотография - АҚШ азаматтарының 46 миллионнан астамы кедейшілікте өмір сүруде

Мұндай мәлімет АҚШ-тың еңбек министрі жасаған баяндамада айтылды.

191 0

Бүгінде американдықтардың 15 пайызы, яғни 46 миллионнан астам тұрғыны кедейшілікте өмір сүруде. Мұндай мәлімет АҚШ-тың еңбек министрі жасаған баяндамада айтылды.

Айта кетерлік жайт, бұлардың 10 миллионы тұрақты жұмысы бар, бірақ айлығы өте төмен азаматтар. Министрліктегілердің айтуынша дәл осы көрсеткіш 2009 жылдан бері сақталып келеді.

Баяндаманы жазған мамандардың айтуынша, мұндай айлығы төмен жұмыстарға әдетте ер азаматтар баратын көрінеді. Және де олардың көпшіліг афроамерикандықтар немесе Латын Америкасынан көшіп келген тұрғындар екен.

Кедейшіліктің зардабын қатты тартып отырғандар 20-24 жас аралығындағы жастар дейді сала мамандары. Білімнің жоқтығынан оларды ешқандай мекеме жұмысқа алмайды, соның салдарынан көшеде тоз-тозы шыққан қара нәсілді бозбалаларды жиі кездестіруге болады.

Қорқынышты көрсеткіштер мұнымен шектелмейді. Американдық экономистердің болжамынша, мектепті 2013 жылы бітіретін түлектер арасындағы жұмыссыздық 30 пайызға жетуі мүмкін. Бұл 2007 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге көп.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!