Қазақстан компаниялары қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жоспарлап отыр

Фотография - Қазақстан компаниялары қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жоспарлап отыр

Сауалнама жүргізген Antal Kazakhstan рекрутингтік фирмасы Қазақстан компанияларының 88 пайызы 2013 жылы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жоспарлап отырғанын айтты

281 0

Сауалнама жүргізген Antal Kazakhstan рекрутингтік фирмасы Қазақстан компанияларының 88 пайызы 2013 жылы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы Millioner.kz порталы мәлімдеп отыр. 

Зерттеу жұмыстарына 142 компания қатысты.

Antal Kazakhstan менеджері Анна Ковинская жұмыс берушілер кадр тапшылығы мәселесі туындаған тұста өздері ұсынып отырған сыйақы мөлшерлемесінің бәсекеге қабілетті болуын қадағалауға міндетті екенін алға тартты.

«Көптеген компаниялардың бюджетінде жалақының 7 мен 18 пайыз жылдық индексациясы бар. Сондай-ақ, кейбір жұмыс берушілер қызметкерлерге басында-ақ ақшаның құнсыздану деңгейіне байланысты жыл сайын өтемақы мөлшерінің қайта қаралып отыратынын ескертеді»,-деді менеджер.

Компаниялардың көбі жұмысшыларының еңбекақысын көтеруге уәде етсе, кейбірі өтемақының өсуі қызметкердің жұмыс жасау сапасына байланысты деп отыр.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!