Apple акцияларының құны 400 доллардан төмен түсіп кетті

Фотография - Apple акцияларының құны 400 доллардан төмен түсіп кетті

Соңғы рет Apple акциялары осы деңгейден төмен болып 2011 жылдың желтоқсанында саудаланған.

118 0

Америкалық Apple корпорациясы акцияларының құны бір жарым жылда бірінші рет 400 доллардан төмен түсіп кетті. Соңғы рет Apple акциялары осы деңгейден төмен болып 2011 жылдың желтоқсанында саудаланған.

Акция құнының құлдырауына Cirrus Logic компаниясына қатысты жағымсыз қаржылық болжамның БАҚ беттерінде жариялануы себеп болды, дейді мамандар. Аталмыш компания Apple үшін, атап айтқанда iPhone мен iPad құрылғылары үшін чип жеткізетін көрінеді.

Apple акциялары бірнеше айлардан бері арзандап келеді. Өткен жылдың қыркүйегінде оның бағасы 700 долларды құраған екен.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!