Қазақстанның ішкі нарығында мұнай тапшылығы болуы мүмкін

Фотография - Қазақстанның ішкі нарығында мұнай тапшылығы болуы мүмкін

Геологиялық барлау жұмыстары атқарылмаса, Қазақстанның ішкі нарығында мұнай тапшылығы туындауы әбден мүмкін. Бұл туралы бүгін «Қазэнерджи» қауымдастығы кеңесінің отырысында ұйымның бас директоры Әсет Мағауов мәлім етті

319 0

Геологиялық барлау жұмыстары атқарылмаса, Қазақстанның ішкі нарығында мұнай тапшылығы туындауы әбден мүмкін. Бұл туралы бүгін «Қазэнерджи» қауымдастығы кеңесінің отырысында ұйымның бас директоры Әсет Мағауов мәлім етті.

Оның айтуынша, Қазақстан энергия ресурстарына бай болса да, алдағы уақытта минералды шикізат базасының тапшылығы байқалады. Себебі елімізде геологиялық барлау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмейді. «Қазақстан Республикасында энергия ресурстарын тиімді пайдаланудың бірыңғай саясаты дұрыс жолға қойылмаған. Энергетикалық тепе-теңдік жоқ. Ал жаңа кен орындары ашылмаса, 2020 жылдан кейін елімізде өндіру (көмір, мұнай және газ сияқты энергия ресурстары - авт.) көлемі азаюы әбден мүмкін. Оның барлығы геологиялық барлау жұмыстарының маңыздылығын тағы бір мәрте айғақтап отыр», - дейді Ә.Мағауов. Ұйымның бас директоры атап көрсеткендей, мұнай өңдеу зауыттары жаңартылып, Ресейден келетін мұнайдың көлемі азайған жағдайда елдің ішкі нарығына жеткізілетін мұнайды арттыру қажет болады. Ал уранның қазіргі қоры әлі 80-90 жылға жетеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!