Республикада өндірілген азық-түлік өнімдерінің 18 пайызы Алматы облысының үлесіне тиеді

Фотография - Республикада өндірілген азық-түлік өнімдерінің 18 пайызы Алматы облысының үлесіне тиеді

 Алматы облысы негізгі азық-түлік өнімдерімен облыс тұрғындарын толығымен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда  қала маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту мәселелері бойынша өткізілген жиында айтылды

333 0

 Алматы облысы негізгі азық-түлік өнімдерімен облыс тұрғындарын толығымен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда  қала маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту мәселелері бойынша өткізілген жиында айтылды.

«Өткен жылы республикадағы жалпы өндірілген өнім көлемінің 18 пайызы Алматы облысында өндірілді. Бұл негізгі аызқ-түлік өнімдерімен облыс тұрғындарын толығымен, Алматы халқының қажеттілігіне сай картоп, ет, жұмыртқа және көкөніспен - 100, жеміс және жүзіммен  - 60, күріш және сүт өнімдерімен - 25 пайызға қамтамасыз етуге мүмкіншілік берді», - дейді Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов. Оның айтуынша, «Алматы  қаласы маңынан азық-түлік белдеуін дамыту» бағдарламасы шеңберінде облыста жылына орта есеппен 10 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылады. Оның басым бөлігі «ҚазАгро» АҚ-ның қаржылай қолдауымен өндіріске енгізілді. Облыс аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға болатын  63 мың гектар жер  Алматының бизнес-өкілдерімен бірлесіп аграрлық секторға қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Аңсар Тұрсынханұлының сөзіне қарағанда, «қазіргі уақытта отандық нарықта импорттық сүт өнімдері мен өңделген жеміс-көкөністің үлесі басым, Ал облыстағы өндірілген сүттің басым бөлігі өңдеу орындарына жетпей, базарлар мен аулаларда тікелей сатылуда. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін ең алдымен ауылдық елді мекендердегі сүт даярлау пунктерін қайта жандандыру қажет. Оған Алматы қаласындағы  өңдеу кәсіпорындарының барынша атсалысуын ұйымдастыру арқылы қол жеткізуге болады».


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!