Әлемде 2030 жылға дейін мұнайды тұтыну мөлшері еш кемімейді

Фотография - Әлемде 2030 жылға дейін мұнайды тұтыну мөлшері еш кемімейді

Әлемде 2030 жылға дейін мұнайды тұтыну  көлемі еш кемімейді. Бұндай пікірді министр Сауат Мыңбаев бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында мәлім етті.

331 0

Әлемде 2030 жылға дейін мұнайды тұтыну  көлемі еш кемімейді. Бұндай пікірді министр Сауат Мыңбаев бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында мәлім етті.

«Тас жынысты кен орындарда газ өндіру (сланцты газ) шындығында да ілгерілген, айтарлықтай фактор болып табылады. Газдың осы түрі АҚШ-ты импорттаушы елден экспорттаушы елге шығарды», - деді министр С. Мыңбаев.

Дегенмен, министрдің айтуынша, тас жынысты кен орындарда газ өндіру көлемі АҚШ-тан басқа елде жоғары емес. Польшаның өзінде бұндай газ әлеуеті зор болғанымен, оның өзіндік ерекшеліктері  баршылық. Сондықтан да, министр С. Мыңбаев, алдағы 10-жылдықта  газдың бұлай өндіру түрі бірден қарқын алады деген болжаммен келіспейтінін білдірді.

«Бүгін көптеген елдер, оның ішінде Қазақстан да энергияның жаңартылатын жолына басымдық беріп отыр. Дегенмен, кез келген сарапшылардың 2030 жылға дейінгі кез-келген болжамын алып қарасаңыз, мұнайды тұтыну ешқандай да кемімейді, керісінше арта түседі. Әлемдік энергетикалық теңгерімділіктегі тұтыну бойынша мұнайдың кемитін үлесі ары кетсе 2 пайызға ғана кемуі мүмкін. Мұндай жағдайда мұнай тұтыну көрсеткіші еш кемитінін күтпейміз, стратегиялық жоспарға сәйкес, министрлік мұнай өндіру ауқымын қысқартуға ниетті емес», - деді С. Мыңбаев.  


Тегтер:

бензин

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!