Бюджет түсімі 82,9 млрд теңгеге ұлғайған

Фотография - Бюджет түсімі 82,9 млрд теңгеге ұлғайған

Республикалық бюджет түсімі 1 248,0 млрд теңгені немесе 99,1 пайызды құрады

166 0

Республикалық бюджет түсімі 1 248,0 млрд теңгені немесе 99,1 пайызды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бюджет түсімі 82,9 млрд теңгеге ұлғайған. Бүгін Үкімет отырысында 2013 жылдың І тоқсанындағы республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы баяндама жасай келе ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлім етті.

«Бюджет түсімдері 1 248,0 млрд теңгені немесе 99,1 пайызды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бюджет түсімі 82,9 млрд теңгеге ұлғайған», - деп хабарлады Жәмішев.

Оның айтуынша, бюджет кірістері бір тоқсанда 1 244,1 млрд теңгені немесе 100 пайызды құраған.

Және де министр «ұлттық қордан кепілдендірілген трансфеттердің толық түспеуі себебінен нысаналы трансфет түсімдері бойыша жоспар орындалмай қалғанын» мәлім етті.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!